16 шілде 2021 | 15:30

Макгрегор аяғын Порьемен жекпе-жекке дейін жаралағанын мәлімдеді

Фото: Reuters

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор аяғын UFC 264 турнирі аясында өткен америкалық Дастин Порьермен жекпе-жекке дейін жарақаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор аяғын UFC 264 турнирі аясында өткен америкалық Дастин Порьермен жекпе-жекке дейін жарақаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Мен жарақатты жекпе-жек алдында алдым. Қазір адамдар менен аяғыңды қашан сындырдың, бұл қашан болды деп сұрап жатыр. Дан Уайттан, UFC, UFC бас дәрігері Дэвидсоннан сұраңыздар. Олар менде стресстік сынықтар болғанын біледі", - деді ол.

"Иә, маған аяғымды емдеу керек еді. Білегімді, асықты жілікті емдеуім керек еді, бірақ мұндай жағдай болмаса, мен ешқашан пышақ астына түспес едім. Бірақ мен міндетті түрде қалпыма келемін", - деді Макгрегор.

Еске салайық, Конор Макгрегор Дастин Порьеден кейінгі кездесуінде де жеңіліп қалды. Жекпе-жекті дәрігер тоқтатты. Себебі Макгрегор бірінші раунда аяғын сындырып алғаны хабарланған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді. 

Айта кетейік, алты жыл бұрын Конор Порьені бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын, алайда биыл қаңтарда Дастин реванш алып, екінші бес минутта мәреге жетті.

Енді 32 жастағы ирландиялық файтерде алты жеңілісі және ММА-да 22 жеңісі бар және бұл соңғы бес жекпе-жектегі үшінші жеңіліс. Ал 32 жастағы Порье карьерасында 28 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная