Макгрегор "Челси" клубын қанша ақшаға сатып ала алатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор Лондонның "Челси" футбол клубын қанша ақшаға сатып алуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор Лондонның "Челси" футбол клубын қанша ақшаға сатып алуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Макгрегор бизнесмен Роман Абрамович клубты сататынын жариялағаннан кейін Twitter-парақшасында мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Мен ұсынысымды 1,5 миллиард фунт стерлингке дейін көтеремін", - деп жазды Макгрегор.

Бұған дейін Макгрегор Лондонның "Челси" футбол клубын сатып алуға ниет білдірген болатын. Алайда ұлыбританиялық Daily Mail басылымы файтердің клубты сатып алуға шамасы келмейтінін атап өтті. "Челси" клубы бойынша келісім 2 миллиард фунттан 4 миллиард фунтқа дейін болуы мүмкін деп болжанады.

Еске салайық, "Челсидің" қожайыны Роман Абрамович лондондық клубты санкцияларға байланысты сатуды ұйғарған. Ол сатылымнан түскен қаржы Украинадағы соғыс қимылдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная