26 қаңтар 2021 15:23

Макгрегор жекпе-жектен жарты жылға шеттетілді

Фото ©REUTERS

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  MMAJunkie басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  MMAJunkie басылымына сілтеме жасап.

МакГрегор денсаулық жағдайына байланысты октагонға шыға алмайтыны хабарлады. Оның оң жақ үлкен және кіші жіліншігіне зақым келді деген күдік бар. Аяғына келген зақым оңалатын болса, спортшы октагонға ертерек оралады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Конор 24 қаңтарға қараған түні Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турниріне қатысып екінші раундта нокаутпен жеңіліс тапқан еді.

Бұл файтерлердің екінші кездесуі. Олар алғаш рет 2014 жылы жекпе-жекке шыққан. Ол кездесуде МакГрегор бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ирландиялық файтердің ММА-дегі бесінші жеңілісі. Ол 2018 жылдың қазан айында Хабиб Нурмагомедовтан жеңілгеннен кейін, бір жыл бұрын Дональд Серронды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram