20 қаңтар 2020 09:10

МакГрегор жеңісін клубта атап өтті

Ирландиялық Конор МакГрегор америкалық Дональд Серронені жеңгеннен кейін, тойлау шарасын клубта жасады. Twitter желісіндегі MMA Junkie спортшының клубта жүрген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан ирландиялықтың достарының ортасында билеп жатқанын көруге болады. Мерекелік кеш Лас-Вегастағы Encore Beach Club клубында өтті. 

Реклама
Реклама

Rate @TheNotoriousMMA’s dance moves from his post-fight party dance moves at @EncoreBeachClub. ????#UFC246 pic.twitter.com/ZLyWqjn9qV

— MMA Junkie (@MMAjunkie) January 19, 2020

19 қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирі аяқталды. Кештің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты.

Бес раундқа есептелген жекпе-жек басталысымен Конор МакГрегор қарсыласын ауыр соққының астына алды. Серроненың басына ауыр соққы тиіп құлады, МакГрегор осы сәтті пайдаланып кездесудің нүктесуін қоюға асықты. Төреші жекпе-жекті (40 секундта) тоқтатуға мәжбүр болды. Кейінірек жекпе-жектің видеосы жарияланды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram