МакГрегор мен Нурмагомедов баспасөз мәслихаты: виски және дөрекілік

© REUTERS

Нью-Йоркте ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялы? Конор МакГрегорды? жекпе-жегіне арнал?ан баспас?з м?слихаты мен к?з арбасу р?сімі ?тті. Шараны? видеосы ?йымны? Twitter желісіндегі пара?шасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нью-Йоркте ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты мен көз арбасу рәсімі өтті. Шараның видеосы ұйымның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында МакГрегор дөрекілік танытып, бірнеше рет Нурмагомедовке тіл тигізді. Ирландиялық спортшы ресейлік қарсыласы мен оның әкесін "қорқақ" деп атады. "Бәрінен маңыздысы - алтыншы қазан. Қазір не айтқысы келсе, соны айтсын. Оның не дейтінін білемін. Алтыншы қазан - ең бастысы. Тор жабылғанда көреміз", - деп жауап берді Нурмагомедов.

Ирландиялық спортшы ресейлікке виски ұсынды, ол виски оның фирмалық өнімі болатын, бірақ қарсыласы ішуден бас тартты.

Реклама
Реклама

Баспасөз мәслихаты көз арбасу рәсімімен аяқталды. Сол кезде сахнаға полиция шықты.

Нурмагомедов - МакГрегор жекпе-жегі Лас-Вегаста UFC 229 турнирінің шеңберінде 6 қазанда өтеді. Ресейлік жеңіл салмақта әлем чемпионы деген белбеуін қорғайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама