ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2018 | 10:45
МакГрегор мен Нурмагомедов өшпенділігі неден басталғаны ашық айтылды
Конор МакГрегордың командасындағы ресейлік файтер Артем Лобов ESPN-нің YouTube арнасына берген сұхбатында ирландиялық пен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің арасындағы өшпенділіктің неден басталғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Басында қарым-қатынасымыз жақсы болатын - Нурмагомедовпен менің арамда және Конормен де. Бір-бірімізді сыйлап жүрдік. Алайда Хабиб неге екені белгісіз Конорды chicken (балапан, әтеш) деп атай бастады. Неге олай дей бастағанын білмеймін, өйткені МакГрегор ол туралы жаман ештеңе айтпаған болатын", - деп мәлімдеді Лобов.
Лобовтың пікірінше, Нурмагомедов бұл Ресейде өте ауыр сөз екенін біле тұрып айтқан.
"Ресейде бұлай түрмеде зорланған адамдарды атайды. Хабиб оны біледі - бәрі біледі. Бұл намысқа тиетін сөз", - деп атап өтті ол.
Мұның алдында Нурмагомедовтің Конормен өткізген жекпе-жегіндегі гонорары бойынша шешім қабылданғаны хабарланған болатын.
Показать комментарии
Читайте также