Хабиб Нурмагомедов және Конор МакГрегордың Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жегі алдында жанкүйерлер төбелес шығарды, - деп жазады Vesti.kz.
Видеодан төбелеске сәнді көйлек киген әйелдердің де араласып кеткені көрінеді.
"Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор жұдырықтасуын күтіп тұрып, ресейлік жанкүйер ирландиялықпен төбелесті. Бұл жер шынымен қызып тұр", - делінген видео жазбасында.
Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.
Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов октогоннан секіріп түсіп, жаппай төбелеске себепкер болды. Жағдайға күзет пен полицияның араласуына тура келді. Осыдан кейін Нурмагомедовке гонорарды төлеу шегерілді және ол белбеуден де айырылуы мүмкін.