ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2018 | 16:57
МакГрегор мен Нурмагомедовке достасу ұсынылды
Невада (NSAC) шатытның спорттық коммиссиясының төрағасы Энтони Марнелл кезекті отырыс барысында 14 қарашада ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегорға штат прокурорының қатысуымен достасу ұсынылды, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Невада (NSAC) шатытның спорттық коммиссиясының төрағасы Энтони Марнелл кезекті отырыс барысында 14 қарашада ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегорға штат прокурорының қатысуымен достасу ұсынылды, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.
6 қазанда Лас-Вегаста UFC 229 турнирінің аясында Нурмагомедов октагонда МакГрегорды төртінші раундта жеңген еді. Осыдан кейін, ресейлік файтер қоршаудан секіріп өтіп, ирландиялықтың спарринг-серіктесіне шабуыл жасаған болатын. Осылайша командалардың жаппай төбелесі басталған еді.
NSAC тергеу жүріп жатқан уақытта Нурмагомедов пен МакГрегорды шеттеткен еді. Нақты шешім 10 желтоқсанда шығарылады. Сонымен қатар, комиссия ресейлік спортшыға 1 миллион доллар сыйақыны қайтарып берді.
"Егер олар бас прокурордың алдында келісімге келмесе, онда 10 желтоқсанда өтетін біздің тыңдауға келуі керек болады. Біз телефон арқылы отырыс өткізбейміз. Алайда екеуі келісімге келіп жатса, екеуінің отырысқа қатысуын міндеттемейміз", - деді Марнелл.
Отырыс кезінде UFC 229 турнирінде төбелескен бірнеше файтерді спорттан шеттету мәселесі қаралды. Диллон Дэнис, Абубакар Нурмагомедов және Зубайра Тухуговтар белгісіз мерзімге шеттелді. Нақты шешім желтоқсанда не қаңтарда шығарылуы мүмкін.
Отырыс барысында Ризван Магомедов пен Эседулла Эмирагаевтардың да есімдері аталды, алайда олардың ісі кейінге шегерілді.
Показать комментарии
Читайте также