ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2018 | 18:16
МакГрегор мен Нурмагомедовтің жекпе-жек үшін қанша алатыны мәлім болды
Лас-Вегастағы UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушылардың гонорары белгілі болды, онда екі салмақ категориясындағы бұрынғы UFC чемпионы, аралас жекпе-жек спортшысы ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

MMAFighting мәліметтері бойынша, МакГрегор мен Нурмагомедов UFC 229 турнирінде ең жоғары кепілді ақы алады. Осылайша, ресейлік спортшы екі миллион доллар, ал ирландық бір миллионға көбірек алады. Турнирдің қалған жүлдегерлері арасында Тони Фергюсон ең жоғарғы сыйақы, 150 мың АҚШ долларына ие болады.
UFC 229 турнирі қатысушыларының гонорары:
Хабиб Нурмагомедов - екі миллион доллар;
Конор МакГрегор - үш миллион;
Тони Фергюсон - 150 мың доллар;
Энтони Петтис - 145 мың;
Овинс Сен-Прю - 86 мың;
Доминик Рейес - 45 мың;
Александр Волков - 75 мың;
Деррик Льюис - 135 мың;
Мишель Уоттерсон - 50 мың;
Фелиз Херриг - 40 мың.
Бұл ақшаға қосымша МакГрегор және Нурмагомедов ақылы-теледидар қызметінен түскен қаражаттың белгілі бір пайыздық мөлшерін алады. Жекпе-жек айналасындағы дүрлікпені ескерсе, мұнда көп қаражат туралы айтылып отыр, бірақ нақты сандар әзірше белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, МакГрегор мен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек 6-нан 7 қазанға қараған түні өтеді, Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 10: 00-де басталады.
Показать комментарии
Читайте также