Макгрегор мен Серроне жекпе-жек алдында көз арбасты

Макгрегор мен Серроне жекпе-жек алдында көз арбасты © twitter.com/MacMallyMMA

Лас-Вегаста UFC 246 турнирінің қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті. Кештің басты кездесуінде ирландиялық Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (35-13) кездеседі, - деп хабарлайды "Чемпионат". 

Баспасөз мәслихатынан кейін файтерлер көз арбасты. 

МакГрегор мен Серроне арасындағы жекпе-жек 19 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Конор 2018 жылдың қазан айынан бері октагонға шықпаған, ол кезде ирландиялық файтер ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген еді. 

Серроне болса 2019 жылы қыркүйекте өзінің отандасы Джастин Гэтжиден жеңілді.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама