11 қазан 2018 13:05

МакГрегор - Нурмагомедов жекпе-жегінен кейінгі төбелестің себепкері мәлімдеме жасады

Конор МакГрегордың спарринг серігі Диллон Дэнис UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінен кейінгі жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN.com порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конор МакГрегордың спарринг серігі Диллон Дэнис UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінен кейінгі жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN.com порталына сілтеме жасап. 

6 қазан Лас-Вегста Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңіп, октогоннан секіріп шығып, Дэниске тап берген болатын.

Реклама
Реклама

TMZ Sports мәліметінше, Нурмагомедовтың бұл ісіне Дэнистің намысына тиюі себеп болған. Ал оның дінді қорлауы жанжалды шегіне жеткізген.

"Хабибтің жанкүйерлері мені қаралауға тырысып жатыр, оны ақтап алу үшін. Бірақ мен ешқашан біреудің дінін қорлайтын сөздер айтқан емеспін, айтпаймын да. Бұл өтірік сөзді жоққа шығарып, кінәліні жазалайтын Невада комиссиясының тергеу қорытындысын күтемін", - деп келтіреді басылым Дэнистің сөзін.

Атлетикалық комиссия төрағасы Нурмагомедовты қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) төрағасы Энтони Марнелл: "Мұнда мәселе көп. Октогонға кіріп, МакГрегорды үш рет ұрған көрерменге тағылатын айыптар жетерлік. Мен бұл құқықбұзушылық жайлы бас прокурорға айтуға міндеттімін. Ол жазасыз қалмауы керек. Хабибке айыппұл әлде шеттеу ме? Екеуі де. Әңгіме әрдайым екі санкция туралы. Комиссия бас прокурордың ұсынысын есепке ала қоймас. Жекпе-жек тор ішінде қалу керек. Ережелер бар, сондықтан салдар файтердің әрекетіне байланысты болады".

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram