12 мамыр 2020 12:28

МакГрегор Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Конор МакГрегор. Фото: UFC

UFC жұлдызы Конор МакГрегор кәсіпқой боксқа оралуды әзірше жоспарлап отырған жоқ. Бірақ болашақта Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы екі салмақта бұрынғы әлем чемпионының менеджері Аудье Аттар мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Менің ойымша, ол бірінші кезекте ММА туралы ойлайды. Бокс оның жоспарында бар, бірақ бірінші кезекте ММА. Қарсыласы кім болуы мүмкін? Бұл Гэтжи-Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазы немесе басқа біреу болуы ықтимал. Барлығы жекпе-жектің жағдайына және өтетін жеріне байланысты. Істің қалай жүретінін көре жатармыз, бірақ болашақта Мэнни [Пакьяо] немесе басқа боксшымен жұдырықтасу мүмкіндігі бар", - деді Аттар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 41 жастағы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Мигель Анхел Гарсиямен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Кездесу шілдеде Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram