МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінде Нурмагомедовты теуіп жібере жаздады

Камила Долаева Журналист
МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінде Нурмагомедовты теуіп жібере жаздады Видеодан алынған кадр

Ирландық UFC жұлдызы Конор МакГрегор және осы ұйымның ресейлік чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың арасындағы жекпе-жек қарсаңындағы салмақ өлшеу рәсімінде төбелес шығып кетуі мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

МакГрегор қарсыласын теуіп жібере жаздады. Бірақ Нурмагомедов арандатушылыққа жол бермеді.

Айта кетелік екі спортшының да салмағы жеңіл категорияға келді. Нұрмагомедовтың салмағы 155 фунт (70,3 келі), ал МакГрегор - 154 фунт (70,08 келі) болды.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Астана уақытымен таңертең болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама