24 желтоқсан 2019 15:16

МакГрегордың қарсыласы келісіп төбелеседі дегендерге жауап берді

Америкалық ММА файтері Дональд "Ковбой" Серроне ирландиялық Конор Мак-Грегормен Лас-Вегастағы UFC 246 турнирінде болатын төбелесі туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық ММА файтері Дональд "Ковбой" Серроне ирландиялық Конор Мак-Грегормен Лас-Вегастағы UFC 246 турнирінде болатын төбелесі туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

36 жастағы америкалық жанкүйерлердің келісіммен төбелеседі деген айыптауына тап болды. Кейбір фанаттар оны ирландиялықтан жеңілуі үшін UFC-ден ақша алған деп пайымдаған.

Реклама
Реклама

"Келіскен дәнеңесі де жоқ! Одан жеңіле салатын мен жоқ. Мен туралы аузына келгендерін айтып жүр, ақша үшін жеңіле салады екенмін. Мен жеңісті бере салатындай сома жоқ. Келісім бергеннің өзінде одан кейін мен айнаға қарай алмайтын едім. Бұлай болмайды. Жеңіліс үшін ақша алғанша тегін төбелескенім артық. Менің стилім емес. Барымды салғалы отырмын, бұрын да солай болған", - деп мәлімдеді Дональд Серроне.

Серроне мен МакГрегор жекпе-жегі 2020 жылдың 18 қаңтарында UFC 246 шоуының басты кездесуі болады. Кездесуге билеттер бірінші күні-ақ сатылып кеткен. 

Айта кетейік, Серроне соңғы екі жекпе-жегінде жеңіліс тапқан. Маусымда Тони Фергюсонмен жекпе-жегі кезінде дәрігер матчты тоқтатқан, ал Джастин Гэтжимен кездесуде нокаутқа түсіп қалған. Серроне жеңістер саны бойынша UFC-де үздік, 23 жеңісі бар, оның 16-сы уақытынан бұрын аяқталған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram