"Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: sport24

Испанияда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-турының матчы өтті, онда "Вильярреал" өз алаңында "Манчестер Юнайтедтен" 0:2 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sport24 сайтына сілтеме жасап.

"Манчестер Юнайтед" сапында Криштиану Роналду мен Джейдон Санчо гол соқты.

Осы жеңістің арқасында "Манчестер" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне қатысуға кепілдік алды. "Юнайтед" (10 ұпай) "Вильярреалдан" 3 ұпайға озды, "Аталантадан" 5 ұпайға (резервтегі ойын), ал "Янг Бойз" 7 ұпайға (резервтегі ойын) алда келеді. Топтық кезеңнің соңғы турында "Вильярреал" "Аталантамен" ойнайды, сондықтан кестеде оның алдынан осы командалардың біреуі ғана шыға алады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, өткен аптада Оле Гуннар Сульшер ағылшын футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама