ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 11:10
"Мен жеңілген жоқпын". Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-7) соңғы жеңісі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-7) соңғы жеңісі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов пен Джефф Молинаның жекпе-жегі Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 56 турнирінде өтті. Үш раундқа есептелген жекпе-жек 29:28, 28:29, 30:27 есебімен төрешілер шешімімен 24 жастағы америкалықтың жеңісімен аяқталды.
"Мен соңғы жекпе-жекті 10 рет көрдім. Жеңілген жоқпын, жеңілісімді мойындамаймын. Тіпті ол жерде жеңілістің иісі де жоқ", - деп жазды ол Instagram-да.
Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық спортшының салмағы - 57,15 келі.
Бұл Жұмағұловтың мансабындағы жетінші жеңілісі және америкалық промоушендегі бес жекпе-жектегі төртінші жеңілісі. Ол бұған дейін UFC-дегі төрт жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жеткен. Желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде бірінші раундта анголалық Манел Кападан (17-6) нокаутпен ұтылды.
Ал қарсыласы Джефф Молина осыған дейін UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен спортшы. 2021 жылдың қазанында өткен жекпе-жектің екінші раундында бразилиялық Даниэль Ласердюді (11-3) нокаутқа түсірген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также