14 қаңтар 2020 09:06

"Менен тығыла алмайды". Макгрегор Хабибпен реванш өткізгісі келетінін айтты

Фото mmaboxing.ru сайтынан

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Мәскеуде Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Мәскеуде Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.ru

"Жылды Мәскеуде Нурмагомедовке қарсы жекпе-жекпен аяқтағым келеді. Солай болуы керек. Мәскеуде болдым. Тамаша қала. Ресей - ғажап ел. Нурмагомедов қашып жүре берсін, бірақ менен тығыла алмайды", - деді МакГрегор. 

Реклама
Реклама

Файтерлердің алғашқы жекпе-жегі 2018 жылы қазанда UFC 229 турнирінде болған. Сол кездесуде Хабиб төртінші раундта жеңген еді. Артынша ирландиялық файтер жекпе-жек алдында ішімдік ішкенін мойындаған. Қателігін түсініп, қайталамайтынын айтқан болатын. 

Еске салайық, 19 қаңтарға қараған түні МакГрегор америкалық Дональд Серронемен кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 246 турнирінде болады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram