Молдовамен қарымта ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Молдовамен қарымта ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті Суретті түсірген Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдованы пенальти сериясында ұтып, Ұлттар лигасы С дивизионында орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдованы пенальти сериясында ұтып, Ұлттар лигасы С дивизионында орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Молдовалықтар ойынның 13-минутында есеп ашты, гол авторы Игорь Армаш. 

Бірінші таймнан кейін Андрей Карповичтің бапкерлік штабы өзгеріс жасады: алаңға Тимур Досмағамбетов, Айбар Жақсылықов пен Бағдат Қайыров шықты.

Жарнама
Жарнама

Ал қапталдағы қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев жарақат алып қалды.

Қосымша берілген 30 минутта есеп өзгермеді, осыдан кейін пенальти сериясы белгіленіп, Қазақстан онда басым түсті - 5:4.

Шешуші голды Георгий Жуков салды.

Еске салайық, Кишиневте өткен ойында Қазақстан 2:1 есебімен ұтқан, ал екі ойын қорытындысы бойынша (2:2) тең түсі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама