13 ақпан 2022 | 09:15

Морозов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде екінші рет жеңілді

Фото: ©UFC

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жекте екінші рет жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды. Үш раундқа есептелген кездесу екінші раундтың соңында аяқталды, Дуглас Морозовты артынан қылқындырып, жеңіске жетті.

Силва де Андраде үшін бұл қатарынан екінші жеңіс. Енді оның UFC-дегі есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Алайда ол карьерасында екінші рет қана сабмишенмен жеңіп отыр. 

Реклама
Реклама

Морозовқа келетін болсақ, ол өткізген үш жекпе-жекте екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Ол былдытр қаңтарында ресейлік Омар Нурмагомедовтан (13-0) жеңілген болатын. 

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде титулдық реванш болады, орта салмақтағы қазіргі чемпион Исраэль Адесанья (21-1) мен белбеудің экс-иегері Роберт Уиттакер (23-5) кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная