Мұхамедиұлы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан не күтетінін айтты

© REUTERS

М?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы О?т?стік Кореяда ?тетін Олимпиада ойындарына ?атысатын ?аза?станды? спортшылар?а ?атысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Спортшылардың көңіл-күйі жақсы, олардың жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенімдімін. Бізде осыған дейін жоғары нәтиже көрсеткен бірнеше спортшымыз бар: Галышева, Полторанин, Рейхерд және Денис Тен. Ең бастысы олардың барлығы қазақстандық спорттық мектептерде жаттығып жатыр", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Cондай-ақ, Мұхамедиұлы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің денсаулығына байланысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта спортшының жағдайы жақсы. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та Олимпиада ойындары-2018 жарысында қазақстандық спортшылардың жүлделі орындарға ие болатынына сенім білдірген еді. "Аздаған күндер ғана қалды, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тағатсыздана күтеміз. Біздің спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Медальмен оралады дегенге сенеміз", - деген еді Сағынтаев. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама