12 қазан 2020 08:23

Надаль Джоковичті "Ролан Гаррос" финалында ойсырата жеңді

Фото: ©REUTERS

Рафаэль Надаль "Ролан Гаррос" - 2020 финалында Новак Джоковичті жеңді және Франция ашық чемпионатында 13-ші триумфын тойлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рафаэль Надаль "Ролан Гаррос" - 2020 финалында Новак Джоковичті жеңді және Франция ашық чемпионатында 13-ші триумфын тойлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport-қа сілтеме жасап.

Ойын 2 сағат 41 минут болды және 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. Рафа 18 брейк-пойнттың 7-еуінде ұпай алды. Өзі бастаған геймде тек бір рет жеңілді. Новакта бір эйс болды. Тек ол мәжбүрсіз қателіктерді көп жіберіп қойды (52).

Реклама
Реклама

©REUTERS

Надаль бірде-бір сет жеңілмей "Ролан Гарроста" төртінші рет жеңімпаз атанды. Енді испаниялық теннисші "Шлемдегі" жеңісі бойынша Роджер Федерермен теңесті - екеуінде де 20 жеңіс бар.

Ал Парижде Надаль Джоковичтен екі рет жеңіліп, 100 рет жеңді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram