ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2019 | 17:17
Нұр-Сұлтандағы марафонға 27 елдің тұрғындары қатысты
Astana Marathon 2019 спорттық шарасына 27 елдің тұрғындары келді. Қатысушылардың жалпы саны 5 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Барлық қатысушыларды Astana Marathon 2019 ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға шақырады. Ауа-райына және демалыс күндеріне қарамастан, сіздер берілген қашықтықтарды жүгіріп өтуге ниет білдірдіңіздер. Astana Marathon 2019 Елбасы жариялаған Жастар жылының аясында өтіп жатыр. Біз барлық спорт түрін дамытуға бар күшімізді саламыз. Сіздерге сәттілік тілеймін", - деді Алтай Көлгінов.
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүгірушілерге 10 және 42 шақырым қашықтықтар ұсынылды. Марафонға сондай-ақ, Серік Сәпиев, Мерей Ақшалов, Мейірім Нұрсұлтанов және басқа танымал спортшылар қатысты.
Показать комментарии
Читайте также