Нұр-Сұлтандағы UFC турнирі: қазақстандық спортшылардың қашан өнер көрсететіні белгілі болды

Фото: ufc.com

UFC турнирінде қазақстандық спортшылардың қашан өнер көрсетуі мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

UFC турнирінде қазақстандық спортшылардың қашан өнер көрсетуі мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Main Team мәліметінше, ресейлік Хадис Ибрагимов (8-2) пен грузиялық Роман Долидзе (6-0) арасында жекпе-жек өткізу мәселесі талқыға салынып жатыр.

Сондай-ақ 13 маусымда Қазақстанда UFC турнирін өткізу жоспарланып отыр. Спорттық шара Нұр-Сұлтандағы "Астана Арена" стадионында өтуі ықтимал.

Реклама
Реклама

Алғаш рет UFC-мен қазақстандық Шавкат Рахмонов келісімшартқа отырды. Ол 21 наурызда Лондонда өтетін Fight Night 171 турнирінде өнер көрсетпек.

Сондай-ақ ақпан айында Жалғас Жұмағұлов пен Мария Агапова аталған промоушенде бағын сынайтын болды.

Сонымен қатар Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмагулов UFC-дің сапында өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов та аталған промоушенде бағын сынауы ықтимал.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама