Нурмагомедов Фергюсонның қартайғанын айтты

Нурмагомедов Фергюсонның қартайғанын айтты © UFC

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов баспасөз мәслихатында Тони Фергюсонды кәрі деп атап, оны жындандырып жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов баспасөз мәслихатында Тони Фергюсонды кәрі деп атап, оны жындандырып жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

"Фергюсон UFC тарихында жеңіл салмақтағы ең үздік спортшы болар еді. Ол керемет спортшы. Бірақ мен өзіме сенемін. Сонымен қатар, ол қартайды, Фергюсон 36 немесе 37 жаста", - деді Хабиб.

Осы сәтте әңгімеге Фергюсон араласты.

Реклама
Реклама

"Сен мені жеңгеннен кейін ғана қартайдың деп айта аласың...", - деді ол.

Бірақ Хабиб жағдайды одан ары ушықтырып, Фергюсонның қартайғанын тағы айтты.

"Мен Фергюсонды құлатып, ол канваста жерді ұрып жатқанда, барлығы Тони қартайды деп айтады", - деді Нурмагомедов. 

Еске салайық, Нурмагомедов пен Фергюсонның кездесуі 18 сәуірде Бруклиндегі UFC 249 турнирі (Нью-Йорк, АҚШ) аясында өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама