ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қараша 2018 | 18:57
Нурмагомедов МакГрегордан жеңіліп қалу қорқынышы мен жекпе-жектен кейінгі қылығы жайлы айтып берді
Жеңіл салмақта Абсолют чемпион (UFC), аралас жекпе-жек спортшысы (ММА) ресейлік Хабиб Нурмагомедов "Синергия" форумында ирландиялық Конор МакГрегормен болған жекпе-жек пен достық қарым-қатынас, қорқыныш, Флойд Мейвезермен жұдырықтасуы және тағы басқалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жеңіл салмақта Абсолют чемпион (UFC), аралас жекпе-жек спортшысы (ММА) ресейлік Хабиб Нурмагомедов "Синергия" форумында ирландиялық Конор МакГрегормен болған жекпе-жек пен достық қарым-қатынас, қорқыныш, Флойд Мейвезермен жұдырықтасуы және тағы басқалары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
6 қазанда UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінде Нурмагомедов МакГрегорды қылқындыру әдісімен төртінші раундта жеңіп, чемпион атағына ие болды. Осыдан кейін ресейлік спортшы қоршаудан секіріп, жаппай төбелес тудырған.
Осыдан кейін Нурмагомедов Мейвезерді жекпе-жекке шақырып, ол қабылдады.
Осыған байланысты "Спорт-Экспресс" тілшісі Нурмагомедовпен сұхбаттасып көрді.
Нурмагомедов алда болатын Тони Фергюсон және Флойд Мейвезермен жекпе-жектерінің қайсы оған қызық екенін айтып берді.
"Ақша жағынан да, бәсекелестік тұрғысынан да Мейвезермен жұдырықтасуым қызығырақ болады. Себебі адамдарға чемпионның құлағанына қарау ұнайды. Ал чемпион үнемі жеңе берсе, ол қызық емес. Флойд бокста 50 жекпе-жекті жеңген, екеуіміз де жеңіліп көрмегенбіз. Біздің жекпе-жегіміз екі есе қызықты болады деп ойлаймын", - дейді ол.
Спортшы UFC-мен келісім бойынша қанша жекпе-жегі қалғанын айтты.
"Шыны керек, келісімшарт бойынша қанша жекпе-жегім қалғанын білмеймін. Джонсонмен рингке шығардың алдында төрт жкпе-жекке келісімшарт жасағанбыз. Оның үшеуі өтті емес пе? Ал кімді қарсылас ретінде көретініміді білмеймін. Әзірше Невада штатындағы Атлетикалық Комиссияның шешімін күтіп отырмыз, сондан кейін ойланармыз", - дейді чемпион.
Сонымен қатар, ол Конормен болған әңгімесін баяндап берді.
"Бәрі аяқталғаннан кейін сөйлеспедік, оның керегі не? Жекпе-жек кезінде кішкене тілдесіп үлгердік. Ол маған мұның барлығы тек бизнес екенін түсіндіргісі келіп, мені сабырға шақырды. Бірақ онысынан нәтиже болмады", - деп қосты ол.
Нурмагомедов тілшінің "Қашан қоршаудан секіруді ұйғардыңыз?" деген сұрағына кенеттен деп жауап қатты.
"Шешімді кененте қабылдадым, оның алдында бұлай жасаймын деп ойламадым. Ережені бұзу - дұрыс емес, оны мойындаймын және өкінемін. Тәртіп - алдыңғы орында. Болашақта мұндай қайталанбайды деп сенемін. Бірақ осы жағдай қайталанса, шешімім өзгермеуші еді", - дейді спортшы.
"Конорды көргенде ешкім жарақат алмаса екен, бізді жылдам торға жапса екен деген ойлар болды. Ал оның айтқандарынан қорықпадым. Ит арыстанға қарап үре алады, бірақ ешкімнің оған жұмысы жоқ. Менің одан жеңілуім мүмкін бе еді? Иә, бәрі жеңіле алады, сұрақ сенің қалай жеңілгеніңде. Мен беріле алмадым. Оны көріп тұрғанда аңдумен болдым. Жоспарым аяқта нық тұрып, қысым көрсету еді, ал Конор әдетте қиналғанда беріледі.
Нурмагомедовтың айтуынша, спортта барлығы кімге жанкүйер болатынын өзі шешеді. Ол мысал ретінде "Реал" мен "Барселона" клубтарын айтады. Сондай-ақ чемпион карьерасы туралы ойын бөлісті. Айтуынша, әр жекпе-жегіне соңғы рет болатындай шығады.
"Мен әрдайым рингке соңғы рет келгендей шығадым. Кейін төрт-бес айдан соң болатын жекпе-жекке ақырындап дайындықты бастаймын. Әрине, карьерамды аяқтау туралы да ойландым. Мен 30 жастамын, болашақта әр екі жекпе-жек сайын жеңілетін спортшы болғым келмейді. Уақытында кету керек, себебі кейін бізден де аш және жас спортшылар көп келеді. Бұл менің ойым емес, әрдайым осылай болған. Әр адамның өз шыңы бар. Әзірге карьерамды аяқтау туралы ой жоқ.
Нурмагомедовтың айтуынша, қоғамға пайда келтіргің келсе, оны саясатқа араласпай-ақ жасауға болады және өзі де саясаттан аулақ жүргісі келеді екен. Айтуынша, жақсылық жасау үшін депутат болудың қажеті жоқ.
Нурмагомедов "істей алмаймын" деген сөзді бірнеше тілде білсем де, оларды көргім келмейді дейді.
"Әрине, қорқыныш бар. Оны жеңе білу қажет, табысты адам сонымен ерекшеледеді. Мен денсаулығымды спортта қалдырғым келмеуші еді. Аурухана, түрлі отадан көп өттім. Әрдайым ота жасайтын үстелде жатқанда, болды, спроттан кетемін деп ойлаймын. 2017 жылдың сәуірінде омыртқа арасындағы жарыққа ота жасалды. Келесі күні маған бірнеше қадам жасау керектігімді айтты. Бірақ мен, аралас жекпе-жектен әлемнің ең мықты спортшыларының бірі, терезе алдына дейін жүріп бардым. Жағдайым одан ары нашарлап кетті. Өнер көрсету емес, төсекке жете алмай қаламын ба деп ойладым. Бірақ төрт айдан кейін қайта рингке шығып кеттім, Барбоссаны жеңдім. Барлығы өзіңе байланысты", - деп аяқтады ол.
Показать комментарии
Читайте также