27 қыркүйек 2018 | 09:47

Нурмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі қазықсыз болады - Олег Тактаров

© Спорт-Экспресс

Ресейлік танымал спортшы, ММА файтері Олег Тактаров 6 қазанда Лас-Вегаста UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Спорт-Экспресс.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік танымал спортшы, ММА файтері Олег Тактаров 6 қазанда Лас-Вегаста UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Спорт-Экспресс.

"Бұл қызықсыз жекпе-жек болады. Конор екі жылдық тыныштықтан соң сақ жүретін болады, ал Хабиб болса, тау халқының ері ұқсап одан аса сақ болады. Оларда сақтық гені бар. Мен оған мексикалық бапкерді алуға ұсындым, ал Абдулманап бұған қарсылық білдірді. Иә, Хабиб Дағыстандағы ең ержүрек адам, бірақ ол Абдулманаппен бірге ары қарай өсе қоймады. Хабибты басқа бапкерге беру ең дұрыс шешім болар еді. Конор қанша дайындалса да ол Нурмагомедовты нокаутқа түсіре алмайды. Хабиб та қарсыласын ұрып жығады деп айтуға келмейді. Жігіттер бар күшін партерде жоғалтады. Екінші раундта басқа бір әрекет жасауға күш сарпылып, бес раунд бойы осылай жалғасады. Егер Хабиб жеңіске жететін болса, ойлаудың өзі қиын, оның фанаттары - Дағыстан жастары екі үш ай тойлайды.

Реклама
Реклама

Хабиб жеңеді дегенге 80 пайыз сенімдімін. Егер менің дәуірімдегідей төрешілер шешім шығармайтын болса, жекпе-жек тең аяқталады дер едім. Төрешілер Хабиб Нурмагомедовке жеңісті беретініне сенімдімін, алайда ол Конордан өш қайтара алмайды, ал ирландиялық болса Хабибты есінен тандыра алмайды", - дейді Тактаров.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная