Ольга Рыпакова Бирмингемдегі "Гауһар лига" кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Ольга Рыпакова. © REUTERS

?ш аттап секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Бирмингемде ?тіп жат?ан "Гау?ар лига" кезе?інде ?шінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш аттап секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Бирмингемде өтіп жатқан "Гауһар лига" кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті - 14,29 метр. Бірінші орынды колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,51 метр көрсеткішімен алды. Екінші орын ямайкалық Кимберли Уильямсқа (14,44) бұйырды. Лиганың жалпы есебінде де Рыпакова 20 ұпаймен үшінші орын алып тұр. Ал Ибаргуэн (31) көш бастап тұр, оның соңында Уильямс (24) келе жатыр. 

Еске салайық, Рыпакова Лондонда өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Қазақстандық маусымдағы жеке үздік нәтижесін көрсеткен еді - 14,77 метр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама