Ольга Рыпакова Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапты

?ш ?ар?ып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова же?іл атлетикадан Лондонда?ы ?лем чемпионатында ?нер к?рсеткені ?шін 20 мы? доллар табыс тапты, - деп хабарлайды vksport.kz

Рыпакова жарыста 14,77 метрге секіріп, ?ола медаль же?іп ал?ан еді. Б?л оны? маусымда?ы ?здік к?рсеткіші. ?аза?станды? же?ілатлет финал?а бір ?ана м?мкіндікпен бірінші орында шы??ан болатын.  

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін 20 мың доллар табыс тапты, - деп хабарлайды vksport.kz

Рыпакова жарыста 14,77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алған еді. Бұл оның маусымдағы үздік көрсеткіші. Қазақстандық жеңілатлет финалға бір ғана мүмкіндікпен бірінші орында шыққан болатын.  

Басылымның мәліметінше, 20 мың доллар спортшының үшінші орын алғаны үшін жүлдесі. Чемпиондар болса 60 мың доллар алады екен. Ал әлем рекордын жаңартқан атлеттер 100 мың доллар көлемінде арнайы жүлде алады. 

Қоса кетейік, 32 жастағы Рыпакованың қоржынында әлем чемпионаттарының үш медалі бар - Тэгу-2011 жарысындағы қола мен Бейжің-2015-тегі күміс медалінен кейін осы жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада ол жеңімпаз атанған еді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама