Ольга Рыпакова Қазақстан біріншілігін жеңіп алды

© Ізтұрған Алдуаев

?ш рет ?ар?ып секіруден Олимпиада ойындарыны? ?ш д?ркін чемпионы Ольга Рыпакова же?іл атлетикадан ?аза?стан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш рет қарғып секіруден Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Даңқты спортшымыз қыздар арасында ұзындыққа секіру сайысында бақ сынап, бірінші орын алды. Оның алты рет секірген мүмкіндігінің ішінде 6 метр 44 сантиметр көрсеткіші ең үздік нәтиже болды.

Айта кетейік "спорт ханшайымы" саналатын жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан біріншілігі 10 ақпан күні басталып, үш күнге созылады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2012 жылы Рыпакова Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Сондай-ақ, оның еншісінде Рио Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

Ал 2008 жылы Бейжіңде өткен төртжылдықтың басты додасында қола жүлде алған еді. Бірақ кейін бұл сында күміс алған ресейлік Татьяна Лебедева допингпен ұсталып, оның күмісі біздің отандасымызға бұйырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама