Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионы атанды

Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында. 

Айта кетейік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азияда үздік үштікке енген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама