ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2021 | 17:20
Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар есебінде Фиджи, Намибия мен Сан-Маринодан кейін тұр
Бүгін, 8 тамызда Токиодағы Олимпиада ойындары аяқталды. Соңғы ойындар су добы бойынша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін, 8 тамызда Токиодағы Олимпиада ойындары аяқталды. Соңғы ойындар су добы бойынша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Ерлер арасында су добынан финалда Сербия Грекияны жеңіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады.
Жалпы есепте бірінші орынды АҚШ құрамасы иеленді - 39 алтын жүлде. Екінші орында Қытай - 38 алтын жүлде, ал Жапония үздік үштікті жапты - 27 алтын жүлде.
Қазақстан Токио Олимпиадасынан "алтын" да, "күміс" те ала алмады. Қоржынымызда тек сегіз қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан 83-орынға тұрақтады. Бұл ел тарихындағы ең нашар көрсеткіш.
Бізді Фиджи, Сан-Марино, Намибия және басқа да шағын мемлекеттер басып озды. Токио Олимпиадасының толық нәтижесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также