Олимпиада-2020: қазақстандық тағы бір балуан алғашқы айналымда сүрінді

Олимпиада-2020: қазақстандық тағы бір балуан алғашқы айналымда сүрінді Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынов 1/8 финалда германиялық Денис Кудламен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен жол берді. 

Осылайша, Токио Олимпиадасына барған төртінші балуанымыз да алғашқы қарсыласынан жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов, Эльмира Сыздықова мен Демеу Жадыраев бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама