ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2021 | 08:53
Олимпиада-2020: Қазақстанның тағы бір балуаны алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Грек-рим күресінің 77 келіге дейінгі спортшылар жарысында Жадыраев 1/8 финалда жапон Шохеи Ябикумен кездесіп, қарсыласынан 3:5 есебімен жеңілді.
Осылайша, қазақстандық үшінші балуан алғашқы кездесуінде жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықова алғашқы кездесуінде қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған болатын.
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также