Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді

Нижат Рахимов. Фото: Reuters©

Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов антидопинг ережелерін бұзды деген күдікке ілініп, жарыстардан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап.

Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ІТА) шешіміне сәйкес, Рахимов 2016 жылы допинг тексеру үшін тапсырған несеп талдауын ауыстырды деген күдікке ілінді. Сол жылы ол Рио-де Жанейродағы Олимпиада чемпионы болған.

Дәл сондай себеппен румыниялық ауыратлет Думитру Каптари де жарыстардан уақытша шеттетілді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, екі ауыр атлет те 77 келіге дейінгі салмақта жарысады. Рахимов - 2015 жылғы әлем чемпионы, ал 2013 жылы ол допинг үшін екі жылға жарыстан шеттетілген болатын. Каптари - 2017 жылғы Еуропа чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама