Олимпиада чемпионы Нижат Раxимовқа Астанадан 3 бөлмелі пәтер берілді
Бүгін, 5 қыркүйекте Атырау қаласында Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов пен Олимпиадаға қатысқан таэквондошы Жансель Денизге құрмет көрсету салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 5 қыркүйекте Атырау қаласында Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов пен Олимпиадаға қатысқан таэквондошы Жансель Денизге құрмет көрсету салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға облыс тұрғындары, аймақ спортшылары, Олимпиададан оралған спортшылардың ата-аналары және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
Жиында сөз алған Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов жерлестеріне ойын кезінде көрсеткен қолдауы мен ниеті үшін алғыс айтты. "Арамызды қанша шақырым ажыратып жатса да қолдауларыңызды анық сезіндім. Раxмет сіздерге! Көк туымыздың желбірегені мен үшін үлкен мақтаныш болды. Бойымды ерекше қуаныш, шаттық кернеді", - деді Нижат Раxимов.
Олимпиада жеңімпазының ата-анасы да қазақстандықтарға алғыс айтты. Олардың айтуынша, Нижаттың жеңісінің бірден-бір себепкері - елдің ниеті мен батасы.
© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Олимпиадаға қатысқан Жансель Дениз де спортшыларға дем беретін алдымен xалықтың ықыласы екенін айтты. Ол келесі додаларда жеңіске жетуге бар күшін салатынын білдірді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алғанда Олимпиада чемпионы Нижат Раxимовқа Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Ал Жансель Денизге 2 миллион теңге сыйақы табыс етілді. Аймақ басшысы мемлекеттің жастарды әрқашан қолдайтынын айтып, жастарды да Отанға, елге қызмет етуге құлшынып кірісуге шақырды.
"Бұл жыл Қазақстанның болашағының жарқын екенін, денсаулығы мықты, елін сүйетін ұл-қыздарымыздың барын анық көрсетті. Мемлекет мұндай жастарды қолдап келе жатыр, әрқашан қолдайды да", - деді ол.
Айта кетелік, Атырау облысында қазір балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебінде 22 түрлі секция жұмыс істеп тұр. Барлығы 10 мың жас, мектеп жасындағы балалардың 11 пайызы спортпен жүйелі шұғылданып отыр. Облыстық олимпиадалық резерв орталығында жоғарғы жетістіктерге жеткен 121 спортшы тәрбиеленуде.
Еске салайық, Нижат Рахимов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты. Жалпы биылғы Жазғы Олимпиадада қазақстандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль иеленді.