ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қазан 2019 10:38
Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды
2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаңа логотипі таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Жаңа дизайн үш символды біріктіреді, спорт, Ойындары және Францияға қатысты - алтын медаль, Олимпиада және Паралимпиада алауы және Франция Республикасының символына айналған Марианнаның бет-әлпеті.
"Медаль, алау, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа келбеті", - делінген Ойындарды ұйымдастыру комитетінің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Олимпиада-2024 ойындары 26 шілде - 11 тамыз аралығында, Паралимпиада - 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді, - деп жазады РИА Новости.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу