Олимпиада ойындарында тау шаңғы спортынан чемпион атанған әйел ерлермен жарысқысы келеді

© Юниорспорт

Ванкувер-2010 Олимпиада ойындарында чемпион атан?ан америкалы? Линдси Вонн Халы?аралы? ша??ы спорты федерациясына (FIS) А?Ш-ты? Лейк-Луиз ?аласында ?тетін ?лем біріншілігіні? іріктеу кезе?інде ерлер арасында ?тетін биіктен жылдамды??а ??лдилау жарысына ?атыстыруды с?рады, - деп хабарлайды Inside The Games.

Ванкувер-2010 Олимпиада ойындарында чемпион атанған америкалық Линдси Вонн Халықаралық шаңғы спорты федерациясына (FIS) АҚШ-тың Лейк-Луиз қаласында өтетін Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде ерлер арасында өтетін биіктен жылдамдыққа құлдилау жарысына қатыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Inside The Games.

"Өзім үшін осылай жасағым келеді. Егер мен ерлермен жаттығатын болсам, неге олармен жарыса алмаймын? Әйелдер арасында өткен талай жарыста жеңіске жеттім, неге жаңа деңгейге көтерілмеске? Ерлер командасы - жаңа деңгей, бұл факт. Соңына дейін күресетін жерде болғым келеді", - деді спортшы қыз. 

FIS ұйымы Цюрихте жарыс алдында өтетін отырыста бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді. 

Реклама
Реклама

32 жастағы Вонн тау шаңғы спорты тарихындағы ең беделді америкалық спортшы. Ол әлем біріншіліктерінде 59 рет жеңіске жетті. 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында ол бір алтын, бір қола медальді жеңіп алды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама