Олимпиада ойындары коронавирусқа қарамастан өтеді - ХОК

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: ua-football.com

2021 жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNA сайтына сілтеме жасап.

"Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады", - деді Джон Коутс.

Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, "жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру" болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады", - деді вице-президент.

Айта кетейік, биыл жазғы олимпиада ойындары 24 шілде - 9 тамыз аралығында Токиода өтуі керек еді. Алайда әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі доданың уақыты шегерілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама