ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 12 ақпан 2014, 13:04
Олимпиада жүлделеріне сыйақы төлеуден алдамыз
Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) сайтында шет елдік әріптестеріміздің Олимпиада алтыны үшін қай елдің спортшылары қанша сыйақы алатындығы туралы зерттеулері жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған дерек көзіне сілтеме жасап.Бірден айта кетейік, шет елдік әріптестеріміз сейсенбі күні Қазақстанда теңгенің күрт құнсызданғанынан да хабардар екен. Кеше кейбір шетелдік әріптестеріміз "Қазақстандағы қаралы сейсенбі саған әсер қатты еткен жоқ па" деп әлеуметтік желілер арқылы хат та жазды...Жарайды, "қаралы сейсенбі" тақырыбын қоя тұрайық, енді AIPS мүшелері болып табылатын екі жас журналистің зерттеулеріне көз жүгіртейік. Maria Pia Beltran (Италия) және Sonja Nikcevic (Сербия) бұл тақырыпта біраз еңбектенген сияқты. Ең бастысы, ғаламтордағы деректерді ала салмай, әрбір елдің Ұлтық Олимпиада комитеттерімен хабарласып, нақты ақпарат алуға тырысқан.Әртүрлі дерек көздерінде Олимпиада алтыны үшін сыйақы төлеуден Әзірбайжан бірінші орында тұр. Тіпті бұл ел "алтын жүлде үшін 510 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған" деген ақпаратты да оқып жүрміз. Бірақ AIPS өкілдері Әзірбайжан олимиадалық комитетімен байланысқа шыққандарында, олар "бұл сома нақты бекітілген жоқ, тек Сочи Олимпиадасынан кейін шешіледі" депті.Ал Қытай Сочи Олимпиадасы алтыны үшін қанша сыйақы төлейтіндерін мүлде ашып айтпаған. AIPS өкілдерінің жазған деректеріне сенсек, Лондонда олар әрбір алтын үшін 82 000 доллар сыйақы төлеген.Сонда сыйақы төлеуден көшбасшы Қазақстан көрінеді. Олардың жазуларынша, Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және Хорватия елдері алтын медаль мен басқа жүлделер үшін ешқандай да сыйақы төлемейді екен! Соған қарамай, Норвегияның ұл-қыздары Сочиде қазірдің өзінде 11 медаль (4 алтын, 3 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте көш бастап келеді. 1) Қазақстан Алтын: 250,000 USD (183,000 EU) Күміс: 150,000 USD (110,000 EU)Қола: 75,000 USD (55,000 EU)2) ЛатвияАлтын: 192,000 USD (141,000 EU)Күміс: 95,000 USD (70,500 EU)Қола: 70,000 USD (50,500 EU)3) ИталияАлтын: 191,000 USD (140,000 EU)Күміс: 102,000 USD (75,000 EU)Қола: 68,000 USD (50,000 EU)4) УкраинаАлтын: 150,000 USDКүміс: 75,000 USDҚола: 50,000 USD5) РесейАлтын: 113,000 USD (83,000 EU)Күміс: 71,000 USD (52,000 EU)Қола: 48,000 USD (35,000 EU)6) Чехия:Алтын: 75,000 USD (1,5 миллион CZK)Күміс: 38,000 USD (750,000 CZK)Қола: 23,000 USD (450 000 CZK)7) СловакияАлтын: 61,000 USDКүміс: 47,000 USDҚола: 35,000 USD8) Корея Алтын: 56,000 USD (60 миллион KRW)Күміс: 28,000 USD (30 миллион KRW)Қола: 17,000 USD (18 миллион KRW)9) ФинляндияАлтын: 41,000 USDКүміс: 20,000 USDҚола: 13,000 USDБір қызығы, бұл елде хоккейшілер құрамасына мүлде басқа сыйақы төленеді:Алтын: 82,000 USDКүміс: 54,000 USDҚола: 41,000 USD10) НидерландыАлтын: 41,000 USD (30,000 EU)Күміс: 31,000 USD (22,500 EU)Қола: 21,000 USD (15.000 EU)11) Швейцария (Бұл елдің олимпиадалық комитеті тек алтын жүлде үшін берілетін сыйақыны мәлімдеген)Алтын: 45,000 USD (40,000 CHF).12) ЖапонияАлтын: 30,000 USD (3 миллион YEN)Күміс: 20,000 USD (2 миллион YEN)Қола: 10,000 USD (1 миллион YEN)13) ПольшаАлтын: 29,000 USD (120,000 PLN)Күміс: 26,000 USD (80,000 PLN)Қола: 16,000 USD (50,000 PLN)14) Словения Алтын: 27,000 USD (20,000 EU)Күміс: 24,000 USD (17,500 EU)Қола: 21,00 USD 0 (15,000 EU)15) ГерманияАлтын: 27,000 USD (20,000 EU)Күміс: 21,000 USD (15,000 EU)Қола: 15,000 USD (10,000 EU)16) Австрия (бұл елдің жүлдегерлері ақшалай сыйақы алмайтын көрінеді, дәстүрлі түрде алтын монеталар табыс етіледі екен)Алтын: 22,000 USD (17 coins)Күміс: 17,000 USD (13 coins)Қола: 14,000 USD (11 coins)17) AҚШАлтын: 25,000 USDКүміс: 15,000 USDҚола: 10,000 USD18) КанадаАлтын: 18,000 USD (20,000 CAD)Күміс: 14,000 USD (15,000 CAD)Қола: 9,000 USD (10,000 CAD) 19) AвстралияАлтын: USD 20,000 (22,000 AUD)Күміс: USD 13,400 (14,900 AUD) Қола: USD 10,000 (11.000 AUD)
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии