Олимпиадада "алтын" жеңген ресейлік боксшы қазақстандықтарға алғыс айтты

© instagram/alba_boxing

Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы ресейлік Альберт Батырғазиев Маңғыстау облысының әкімінен құттықтау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.

Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы ресейлік Альберт Батырғазиев Маңғыстау облысының әкімінен құттықтау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап.

Спортшының ата-анасы 90-жылдары Жаңаөзенде тұрған. Олардың алғашқы балалары қазақ жерінде дүниеге келген. Ал болашақ чемпион 1998 жылы 23 маусымда Дағыстандағы Геметюбе ауылында дүниеге келген.

Облыс әкімі Серікбай Трұмов Маңғыстау жұртшылығы атынан оларға құттықтау жолдады.

Реклама
Реклама

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Олимпиаданың алтын жүлдегері бокстан Ресейдің төрт дүркін чемпионы, ол күн сайын жоғары деңгейдегі кездесулерге, қабылдауларға қатысады. Дегенмен жұмыстағы үлкен жүктемеге қарамастан, ол маңғыстаулықтарға жылы құттықтаулары үшін алғыс айтты. 

Бұған дейін Желіде Альберт Батырғазиев барлық қазақстандыққа сәлем жолдап, өзінің отбасы туралы баяндаған видео жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама