Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшы найзағай тиіп қаза болды

© instagram/katherinecook7

Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас Эрнандеске жаттығу кезінде найзағай тиіп қаза болды, - деп хабарлайды Sport24.

Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас Эрнандеске жаттығу кезінде найзағай тиіп қаза болды, - деп хабарлайды Sport24.

Қайғылы оқиға жұмада жергілікті Эль-Тунко жағажайында болған. AS газетінің мәліметінше, спортшы сол кезде суда болған. Жедел жәрдем жеткенімен, серфингші ол кезде қайтыс болған.

Испаниялық басылым ол кезде күн ашық болғанын, бірақ күтпеген жерден ауа райы бұзылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Кэтрин Диас Сальвадордағы үздік серфингші саналған. Ол Сальвадор серфинг федерациясының президенті Хосе Диастың қарындасы.

Спортшы серфингтен Бүкіләлемдік ойындарға дайындалып жатқан, сондай-ақ, Токио Олимпиадасына қатысуды жоспарлаған. Серфинг Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама