Олимпиаданың бірінші күнгі көресткіштеріміз

Сурет sochi2014.com сайтынан

Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының бірінші күні Қазақстан спортшыларының ең жоғарғы жетістігі жетінші орын болды, деп хабарлайды "Жүлдеге ілігіп қалуы да ықтимал" деп іштей сенім артқан фристайлшы қызымыз Юлия Галышева соңғы ақтық сынға іліге алмай, могул жаттығуындағы сынды 7-орынмен тамамдады. Тым болмаса, үздік алтылыққа ілігіп, ақтық сында бақ сынайды ғой деп үміттеніп едік, бағы жанбады.Конькимен жүгіруден тәжірибелі спортшымыз Дмитрий Бабенко 5 шақырымдық бәйгеде 15-орынмен шектелді. Ал шаңғышы қыздарымыз бен биатлоншы жігіттеріміз бесінші ондықтан жоғары көтеріле алмады. Шаңғымен орта тұғырдан секірген қос жігітіміз де електік сыннан өте алмады...ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары. Сочи. Бірінші күн.Фристайл (могул)7. Юлия Галышева28. Дарья РыбаловаКонькимен жүгіру. Ерлер. 5000 метр.15. Дмитрий БабенкоШаңғы жарысы. Әйелдер. Скиатлон, 15 шақырым40. Елена Коломина41. Анастасия Слонова57. Татьяна ОсиповаБиатлон. Ерлер. Спринт, 10 шақырым.43. Ян Савицкий59. Сергей Наумик80. Антон Пантов87. Диас КеңешевШаңғымен тұғырдан секіру. К-95. Жекелей електік сын.46. Алексей Пчелинцев49. Марат ЖапаровСонымен Сочи Олимпиадасының бірінші күні 5 медаль жиынтығы өз иелерін тапты. Ал ертең 8 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама