Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды

Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды Мэнни Пакьяо. Фото: Joe Camporeale-USA TODAY Sports©

Мэнни Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте сенсациялық түрде жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Мэнни Пакьяо WBA "суперчемпионы" атағы үшін жекпе-жекте сенсациялық түрде жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да кәсіпқой бокс кеші аяқталды, оның басты оқиғасы 35 жастағы кубалық Йорденис Угас (26-4, 12 КО) пен 42 жастағы аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) арасындағы жартылай орта салмақтағы WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек болды.

Кездесу барлық 12 раундқа созылды. Олардың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, 115-113 және екі рет 116-112 есебімен Угас жеңді.

Реклама
Реклама

Осылайша Угас карьерасындағы 27-жеңіске жетті және титулын сақтап қалды, ал Пакьяо сегізінші рет жеңіліске ұшырап отыр. 

Мэнни 2019 жылдың шілдесінен бері жекпе-жекке бірінші рет шығып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама