ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2021 | 18:09
Паралимпиада-2020-да қазақстандықтар өнер көрсетіп болды. Қоржынға қанша медаль түсті?
Токиодағы Паралимпиада-2020 ойындарында Қазақстанның барлық спортшысы өнер көрсетіп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Токиодағы Паралимпиада-2020 ойындарында Қазақстанның барлық спортшысы өнер көрсетіп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Соңғы болып таеквондошы Нышан Өмірәлі өнер көрсетті, ол жартылай финалда 75 келіден аса салмақ дәрежесіндегі қарсыласы мексикалық Франиско Педростан жеңіліп қалды. Осылайша, медаль үшін күресін тоқтатты.
Паралимпиада-2020 5 қыркүйекте аяқталады, бірақ жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшыларда сайыс жоспарланбаған.
Токиодағы Паралимпиада-2020-да Қазақстан құрамасы бес медальға ие болды: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жеңді.
Осылайша, Қазақстан Паралимпиада ойындарында алған медальдар бойынша жаңа рекорд орнатты.
Медальдер есебі бойынша 87 алтын, 52 күміс және 48 қола еншілеген Қытай құрамасы алда тұрғанын айта кеткен жөн.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также