Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түседі

Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түседі Теміржан Дәулет. Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Паралимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Паралимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта ол жартылай финалда грузин Георгий Калданиді иппонмен жеңді. Дәулет енді алтын медальға таласады. Финалда ол өзбекстандық Феруз Саидовпен белдеседі.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына кем дегенде күміс медаль түседі. 

Жарнама
Жарнама

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар екі медаль иеленді. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) "алтын" алса, Әнуар Сариев (дзюдо) күміс медаль жеңіп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама