ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2021 | 11:18
Пекиндегі қысқы Олимпиада шетелдік көрерменсіз өтеді
2022 жылы 4-20 ақпанда өтетін Пекиндегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер қатыса алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2022 жылы 4-20 ақпанда өтетін Пекиндегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер қатыса алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билет тек материктік Қытай тұрғындарына сатылады. Сонымен қатар, спортшылар, еріктілер, көрермендер және делегаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бекіткен екпені алу қажет. Толық екпе алмаған қатысушылар Бейжіңге келгенде, 21 күндік карантиннен өту керек.
23 қаңтардан бастап және Паралимпиада ойындары аяқталғанға дейін Олимпиада нысандары жабық режимде жұмыс істейді, қатысушыларға жарысқа байланысты орындарда ғана жүруге рұқсат беріледі. Арнайы көлік жүйесі де ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, спортшылар мен Олимпиаданы басқару жүйесі қызметкерлері күн сайын коронавирусқа тексеріледі.
Еске салайық, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары да COVID-19 таралуына байланысты шетелдік көрерменсіз өтті. Қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы нәтижелері 10 қыркүйекке дейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) және спорт федерациясында талданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также