21 сәуір 2014 10:34

Питер Куиллин Головкинмен жұдырықтасуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Питер Куиллин. Сурет: boxingscene.com Питер Куиллин. Сурет: boxingscene.com

Орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Питер Куиллин дәл осы салмақтағы WBA тұжырымының чемпионы, 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен кездесуге дайын. Бұл туралы америкалық боксшының промоутері Ричард Шефер айтты, - деп хабарлайды Аllboxing.ru порталы.

"Бізге ұсыныс тастаңыздар. Менің шәкіртім Головкинмен жұдырықтасуға дайын", - дейді Ричард Шефер. 

Басылымның жазуынша, бүгінгі таңда Головкиннің командасы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеспен кездесу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Еске салайық, Голокиннің бас бапкері Абель Санчес бұған дейін мексикалық боксшының командасымен келіссөздер 99 пайызға аяқталды деген болатын. Оның айтуынша, нақты келісім алдағы бір аптаның ішінде шешілуі керек. 

Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, ганалық боксшы Осуману Адаманы жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаунға түсірген. Ал соңғы нокдауннан кейін төреші кездеуді уақытынан бұрын тоқтақтан болатын. 

Ал Питер Куиллин болса шаршы алаңға соңғы мәрте 35 жастағы чех боксшысы Лукаш Конечныға қарсы шығып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети