Қайрат Ахметов титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалды

© onefc.com

Аралас жекпе-жектен ?аза?станды? спортшы ?айрат Ахметов ONE Championship чемпионатында же?іл салма?та "уа?ытша" чемпион ата?ына талас кезінде филиппиндік Джех Уэстакиодан же?іліп ?алды, деп хабарлады Vesti.kz.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов ONE Championship чемпионатында жеңіл салмақта "уақытша" чемпион атағына талас кезінде филиппиндік Джех Уэстакиодан жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 26 қаңтарда өтіп, Филиппин астанасы Маниладағы ONE: Global Superheroes турнирінің басты оқиғасы болды. Спортшылар бес минуттан бес раунд өткізді, нәтижесінде Уэстакио жеңіп шықты. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ахметов пен Уэстакио 2016 жылы кездескен болатын, ол кезде қазақстандық спортшы жеңіске жеткен.

30 жастағы Ахметовтің қоржынында 31 жеңіс пен екі жеңіліс бар. 28 жастағы Уэстакио оныншы жеңісіне қол жеткізді және ол жеті рет жеңіліс тапқан.

Ахметов бұған дейін ONE Championship чемпионатының белдігіне ие болған, бірақ бразилиялық Адриан Мораештен 2017 жылы тамызда жеңіліп қалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама