Қарсыласын нокаутқа түсірген UFC файтері сүйіктісіне ұсыныс жасады

©Getty Images

Жартылай ауыр салма?та ж?дыры?тасатын UFC файтері Александр Густафссон UFC Fight Night 109 турниріндегі жекпе-жегінен кейін с?йіктісіне ?сыныс жасады. Рингте жасал?ан ?сыныс?а ?ыз келісім берді. 

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын UFC файтері Александр Густафссон UFC Fight Night 109 турниріндегі жекпе-жегінен кейін сүйіктісіне ұсыныс жасады. Рингте жасалған ұсынысқа қыз келісім берді. 

Стокгольмдегі UFC Fight Night 109 шоуының басты жекпе-жегінде Густафссон Гловер Тейшейраны жеңді. Швед кездесудің басынан-ақ басымдыққа ие болып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Ал бесінші раундта ол бразилиялықты нокаутқа түсірді. 

Реклама
Реклама

UFC файтері Густафссон осымен екінші рет жеңіп, титулға талас жекпе-жегіне үмітті. Қазіргі уақытта UFC бойынша осы салмақта чемпион - Дэниел Кормье. Ол 29 шілдеде Джон Джонспен жұдырықтасуы тиіс. Айта кетсек, осы аталған файтерлер Густафссонды ұпай айырмасымен жеңген еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама