Қазақ балуандары "Еуразия барысы" турнирінде жеңіске жетті

© almatysports.kz

Т???ыш Президент к?ніне орай ?йымдастырылып жат?ан халы?аралы? "Еуразия барысы" турнирінде ?аза?стан ??рамасы финалда Мо??олияны 6:2 есебімен же?ді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық "Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы финалда Моңғолияны 6:2 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Грузияны 6:2 есебімен жеңіп, финалға шықты, ал олардың қарсыласы Моңғолия құрамасы Украина балуандарын 6:2 есебімен жеңген болатын. 

Сайысқа 8 елден барлығы 130 спортшы қатысты. Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табысталды.

Реклама
Реклама

Бұл бәсекеде 55 келіде - Марат Нығыматұллаев, 60 келіде - Ержан Мағауинов, 66 келіде - Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде  Aйдос Ғалымов, 82 келіде - Дәулет Пахриддинов, 90 келіде - Айбол Айтбек, 100 келіде - Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде - Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.

Еске салайық, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып ұйымдастырылған "Еуразия барысы" халықаралық турнирінің финалында қазақ балуандары өзбек балуандарын 5:2 есебімен жеңген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама